Жетісу облысында ғарыштық мониторингтің тиімді тұстары талқыланды

Ғарыштық мониторингі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2022 12:11 Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев өзара кездесуде ғарыштық мониторингтің тиімді тұстарын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Шүленбаевтың мәлімдеуінше, геопорталды пайдалану тегін. Толық мағлұмат алуға бар жағдай қарастырылған.

Жобаның тиімді тұстары туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың кездесуінде айтылды.

Қазіргі кезеңде бізге ғарыштық мониторинг қажет. Су және орман ресурстарын, жер қойнауын пайдалануды, ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бақылау ерекше маңызды болып табылады. Тиісті салалардың басшылары бұл жүйені өз жұмыстарында тиімді қолдана алады. Бейбіт Исабаев

Ғарыштық мониторинг – пайдаланылмаған егістік алқаптарын, ормандағы өрт қаупін, заңсыз құрылысты анықтауда таптырмас жүйе. Тіпті белгіленбеген қоқыс орындарын да көрсетіп береді. Яғни, қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы карталарды әзірлеп, оны күнделікті бақылап отыруға мүмкіндік жасайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: