Жаңа мектептер салу Үкімет пен әкімдердің басты міндетінің бірі болуы керек

Президент Жолдауы-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 19:29 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков Жолдауға қатысты пікірімен бөлісе отырып, Президенттің айтқандарымен келісетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы қоңыраудың үнімен жаңа маусым, жаңа оқу жылы басталды. Бұл – ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар үшін ерекше күн. Осы білім күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Мемлекет басшысы әр оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс дей келе жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» деген Мемлекет басшысы сөзін келтірген ол жалпы, мектеп салу Үкімет және жергілікті әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек екенін атап айтқанына баса тоқталады.

«Бала – біздің болашағымыз» дегендей білімді ұрпақ ел ертеңін көгертуге үлес қосары анық. Ал мемлекет және ата-аналар сол балалардың, жастардың сапалы білім алуына жағдай жасауға жауапты. Білімге ұмтылған барлық балақайға сәттілік тілейміз, - дейді Данабек Исабеков.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: