Еліміздегі үш облыстың тұрғындарына Әлеуметтік кодекстің мүмкіндіктері түсіндірілді

Әлеуметтік кодекс, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда Әлеуметтік кодекс әзірленіп жатыр. Оның мақсаты әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамыту болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған арнайы мобильді топ Қостанай, Атырау және Жамбыл облыстарында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғындықов және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарында болып, халықпен, жастармен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлерімен, ауылдық округ әкімдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізді.

Өз сөзінде Дәулет Арғандықов Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды жаппай оқытудың жаңа мүмкіндіктеріне назар аударды.

Жаппай оқыту арқылы адами капиталды жоспарлы түрде арттыру және қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар жасалады. Жаңа дағдыларды оқыту процесіне тартылатын адамдар контингентін бірнеше есе ұлғайту жоспарлануда. Егер бұрын шаралар азаматтардың жекелеген санаттарына бағытталған болса, енді фокус еңбекке қабілетті жастағы барлық қазақстандықтарға кеңейтіледі. Бұл ретте жаңа дағдыларды алуға қолжетімділік үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздері арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшарт шеңберінде бөлінетін болады. Дәулет Арғындықов

Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекс шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесін «қайта жүктеу» көзделеді: жұмыс берушілер кәсіптік стандарттар арқылы жұмыс күшінің дағдыларына талаптар қоятын болады, оларды ескере отырып, жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

Кәсіби біліктіліктерді сертификаттау жүйесін енгізу жоспарлануда: ресми, бейресми немесе ақпараттық білім болсын, алынған дағдылар кәсіби біліктіліктерді тану орталықтарында бағаланады.

Бұл "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді – қазақстандықтар өздерінің кәсіби дағдыларын тұрақты түрде арттыратын болады, бұл оларды бәсекеге қабілетті және еңбек нарығының қазіргі заманғы жағдайында сұранысқа ие етеді, – деп атап өтті Дәулет Арғындықов.

Сонымен қатар Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының тұрғындарымен кездесу барысында мобильді топ мүшелері Жолдаудың және Әлеуметтік кодекстің басқа да маңызды бағыттарын іске асыру – Отбасының цифрлық картасын енгізу, Электрондық еңбек биржасы базасында цифрлық экожүйені қалыптастыру, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту туралы айтып берді зейнетақы төлемдерін арттыру және т.б.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде мобильдік топ мүшелері Қостанай және Тобыл қалаларының жұмыспен қамту орталықтарында халықпен кездесулер өткізеді.

Атырау облысында ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ильяс Испанов Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы туралы айтып берді.

Онда Қазақстан үшін жиі тартылатын және бір мезгілде тапшы кәсіптер бойынша 100 үздік шетелдік мамандарды тарту тетігі көзделетін болады.

Бұл мамандардың міндеті білім трансфері және өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау болмақ. Олар үшін тұруға ықтиярхаты бар «Бағалы дағдыларға арналған виза» енгізіледі және қазақстандық кадрларды озық даярлау үшін үнемі жаңартылып отыратын бағалы дағдылар рейтингі (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастырылады. Осыған ұқсас сұранысқа ие мамандықтар бойынша үздік оқытушыларды тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жаңа Тұжырымдама жобасында бизнес-иммиграция тәсілдері өзгертіледі. Қазақстан экономикасына бір уақытта 300 мың АҚШ долларын инвестициялаған шетелдік бизнесмендер үшін 10 жылдық тұруға ықтиярхат алуға құқық беретін «Инвестициялық виза» енгізілетін болады. Виза иесі бизнесті тіркеуге, меншікті иеленуге, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік алады. Ильяс Испанов

Әлеуметтік кодекс, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:10

Сурет: Zakon.kz

Оның айтуынша, бұл Қазақстанға түрлі салаларды дамытуға көмектесетін сарапшылар мен инвесторларды тартуды шынайы мақсатқа айналдырады.

Бұдан басқа жаңа Тұжырымдама шеңберінде трансферт арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың Солтүстік және Орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру және елдің басқа облыстарында негізделген қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту тетігі көзделетін болады.

Жаңа Тұжырымдама аясында тарихи Отанында қандастарды қабылдау және жайластыру саясаты да қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, құжаттарды қабылдау кезеңінде қандастың келетін жерін айқындау тетігін енгізу және осы өңірде белгілі бір уақыт тұрақты тұрғаннан кейін азаматтық бере отырып, еңбек күші тапшы өңірлерге көшуді реттеу мен ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау көзделеді. Тарихи Отанымен байланысты нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі мамандар немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда масштабтауға ниет білдірген этникалық қазақтарға (басқа елдердің азаматтарына) арналған Қазақ картасын енгізу және оны оларға беру ұсынылады. Оның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, елге жеңілдетілген кіру мүмкіндігіне ие болады (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операциялар жүргізу), – деді Ильяс Испанов.

Сонымен қатар Исатай және Жылыой аудандарының тұрғындарымен кездесу барысында мобильдік топ мүшелері Жолдаудың және Әлеуметтік кодекстің басқа да маңызды бағыттарын іске асыру туралы, атап айтқанда, мемлекеттік жәрдемақы мен бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін ұлғайту, ЕТЖ ұлғайту, Отбасының цифрлық картасын енгізу, Электрондық еңбек биржасы базасында цифрлық экожүйені қалыптастыру, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, оқыту жүйесін дамыту және кәсіби дағдыларды сертификаттау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру және т. б. туралы айтты.

Жамбыл облысында мобильдік топтың жетекшісі – "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел өз сөзінде Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге назар аударды.

Мобильді топ мүшелерінің облыс әкімінің орынбасарымен, өңірдің аудандары мен қалаларының әкімдерімен кездесуі барысында қала, аудан және ауылдық округ әкімдерінің Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру мәселелері және әрбір елді мекендегі ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы бойынша азаматтарды ақпараттандырудағы басты рөлі атап өтілді.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұрсұлу Кемел журналистерге 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшерінің осы жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде орта есеппен 13% - ға артқаны туралы айтты. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделетін болады.

Жұмыс берушілердің МӘСҚ-тегі олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет. Сонымен бірге құжатта табысты жоғалтудың әлеуметтік тәуекелдерінің барлық 6 түрі бойынша жұмыспен қамтылған халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту көзделген. Олар жұмысынан айырылу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу. Нұрсұлу Кемел

Президент Жолдауы-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 21:10

Фото: Zakon.kz

Журналистерді Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы шоттарда қаражат жинау және бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдердің ұзақтығын арттыру мәселелері қызықтырды.

Бала күтімі бойынша төлем кезеңін 1 жастан 1,5 жасқа дейін арттыру жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қатысты болады. Бұл ретте ата-аналар табысы мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері де соғұрлым жоғары болатынын түсінуі тиіс, – деп атап өтті Нұрсұлу Кемел.

Тараз қаласының тұрғындарымен кездесу барысында мобильді топ мүшелері зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы айтып берді. Осылайша, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында базалық зейнетақы мөлшерін арттыру және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделген. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жастар бастамаларын қолдау шаралары бойынша түсініктемелер берілді. Жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбекке қабілетті жасқа жетеді. Қазақстанның еңбек нарығының болашағын жастар айқындайды. Қазірдің өзінде олар жұмыспен қамтылғандардың 60% - ын құрайды, ал 2030 жылға қарай олардың үлесі Қазақстанның барлық жұмыс күшінің 80% - ынан асады.

Жастарды қолдау мақсатында әлеуметтік лифтілер жүйесін құру және жастарды қолдау бағдарламаларына тәсілдерді қайта қарау қажет. Қолдау шараларының бірі Мемлекет басшысының жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% - бен жеңілдетілген микрокредит беруі болады.

Халықпен кездесуден кейін мобильді топ мүшелері жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады, оның барысында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің көмегімен онлайн режимде азаматтардың әлеуметтік көмек немесе төлем алу құқықтары нақтыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорнының базасында жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді ең төменгі жалақыны (бұдан әрі – ЕТЖ) және жұмысынан айырылу бойынша төлем мөлшерін арттыру мәселелері қызықтырды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылады.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі.

Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмасын орындау үшін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түскен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысының 45%-на дейін ұлғайтылады. Бұл 2023 жылы 117 мыңнан астам адамды қамтиды, – деп түсіндірді Нұрсұлу Кемел.

Сонымен қатар Талас, Сарысу, Меркі және Шу аудандарының тұрғындарымен өткізілген кездесулер барысында мобильдік топ мүшелері Отбасының цифрлық картасын енгізу, Электрондық еңбек биржасы базасында цифрлық экожүйені қалыптастыру, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, оқыту жүйесін дамыту және кәсіби дағдыларды сертификаттау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту және т. б. туралы айтып берді.

24 қыркүйекте мобильді топтың ақпараттық-түсіндіру жұмысы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: