Астанада Еңлік-Кебек көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Сурет: Қазавтожол
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5-6 қазанда Еңлік-Кебек көшесі Болашақ көшесінен 189-шы көшеге дейінгі аралығы толығымен жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Еңлік-Кебек көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туғызбау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript