Жаңалықтар тізбегі
0

Ескірмеген махаббат: зейнеткер 60 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатымен бас қосты

Ескірмеген махаббат: зейнеткер 60 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатымен бас қосты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 09:29 Сурет: pixabay
Қытайда 86 жастағы ер адам студент кезінде танысқан алғашқы сүйіктісіне үйленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post газетінің ақпараты бойынша Чжоу Гуйлин Пекин университетінің Заң факультетінің студенті болған. Онда ол Ян Шугуймен кездескен. Білім ордасы қабырғасында басталған қарым-қатынас, оқу бітіргеннен кейін үзіліп қалған.

Чжоу өзінің туған қаласында мектеп ашып және оның алғашқы директоры болып, өмірін білімге арнапты. Оның және Ян Сюгуйдің де отбасылары болған.

Ғашықтар жұбайлары қайтыс болғаннан кейін қайтадан бас қосты. Қытай салтын сақтай отырып, кішігірім үйлену тойын өткізді. Мерекелік банкетке тек жақын достары мен туыстары қатысқан.

"60 жыл ішінде бірде-бір кітап біздің сағынышымыздың тереңдігін жеткізе алмады. Бір ғасырлық шынайы үміт, енді шам жарығымен біз алғашқы махаббатымызды қайта жазамыз", - деп жазылған өлең жолдары үйлену залында сезімнің шынайы көрінісі ретінде шашылып жатты.

81 жастағы қалыңдық билеп, ән айтты, ал жұбайы оны дәстүрлі қытай барабанында сүйемелдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: