Пәкістанда теміржол вокзалындағы теракттан кемі 25 адам қаза тапты
Фото: Facebook/Pakistan Army
9 қарашада Пәкістанның оңтүстік-батысындағы теміржол вокзалындағы теракттан кемі 25 адам көз жұмды. Лаңкестік әрекетті аймақтағы сепаратистік топтың өкілдері жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN мәліметтері бойынша, Кветта қаласындағы шабуылдан 53 адам жарақат алды.
"Теміржол вокзалындағы жарылысты жанкешті лаңкес жасады", — деді жергілікті полиция комиссары Хамза Шафкат.
Полицияның аға бастығы Мұхаммед Балохтың айтуынша, жарылыс қаланың негізгі теміржол вокзалының платформасында таңғы 9 шамасында болған.
Жарылыстың куәгері Фаридтің CNN-ге берген сұхбаты:
"Жағдай өте қорқынышты болды. Адамдар жан-жаққа қашып жатты, біреулерінің аяқтары, енді бірлерінің қолдары жоқ, өлі жатқандар да болды.
Қаза тапқандардың арасында жолаушылар, теміржолшылар және қауіпсіздік қызметкерлері бар.
Бұған дейін Түркия астанасында теракт болғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript