Израиль "Хамас" лидерін өлтіргенін мойындады

Израиль билігі "Хамас" лидері Исмаил Ханияның өліміне жауапты екенін алғаш рет мойындады. Мұны осы елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2024 11:54 Сурет: pixabay
Израиль билігі "Хамас" лидері Исмаил Ханияның өліміне жауапты екенін алғаш рет мойындады. Мұны осы елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.

Ол бұл сөзін йемендік хуситтер туралы айтып жатқанда келтірген.

Министр Израиль билігі хуситтердің инфрақұрылымына шабуыл жасап, олардың да жетекшілерінің көзін жоятынын мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Естеріңізе сала кетсек, палестиналық Хамас тобының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шілде айында Тегерандағы резиденциясында әуе шабуылынан опат болған еді.

Израиль әскері оның орнына келген Яхья Синварды да мерт қылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: