Отбасы банктің Ұлытаудағы жаңа филиалының алғашқы тұтынушылары "AQYL" депозиттерін ашты

Отбасы банк филиалы, Ұлытау облысы, депозит, Aqyl, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 17:56 Сурет: Отбасы банк
Отбасы банктің аймақтағы жаңа филиалының ашылуы талайдан бері күтілген еді. 2016 мен 2023 жылдар аралығында Жезқазғанда банктің Қарағанды облыстық филиалының кішігірім бөлімшесі ғана бар болатын.

Оған қоса бұл жерде банктік қызметтің барлық түрі көрсетілмейтіндіктен, салымшыларға кейде сонау 500 шақырым қашықтықтағы Қарағандыға сабылуына тура келетін. Ал жаңа облыс құрылғаннан кейін, жаңа филиал ашу мәселесі бұрынғыдан да көкейкесті бола түсті. Осы мақсатқа сай келетін жаңа ғимарат: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 16/2 мекенжайынан табылды. Өз кезегінде Ұлытау облысының тұрғындары да жаңа филиалдың ашылғаны туралы барынша хабардар болуы үшін Ашық есік күні өткізілді.

Бұл салтанатты оқиға Балаларды қорғау күні қарсаңында өтіп, ашылу рәсіміне келген қонақтарға банктің жаңа өнімі – "AQYL" депозиті туралы айтылды. Биылғы жылдың басында Отбасы банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) қатысушысына айналғаны белгілі. Демек, ендігі жерде банкте тек үйлі болуға ғана емес, білім алуға да қаражат жинақтауға болады. Тек төрт айдың ішінде, ақпаннан бастап мамырға дейін банкте 17 мыңдай "AQYL" депозитінің шоттары ашылған. Яғни, бұл ата-аналар болашақта балаларының білім алуы жолында пайымды қадамдар жасап отыр дегенді білдіреді.

Отбасы банк, Ұлытау облысы, жаңа филиал, депозит, Aqyl, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 17:56

Сурет: Отбасы банк

"AQYL" депозитіне қаражат құя отырып, болашақта балаларыңыздың ғана емес, өзіңіздің де қазақстандық немесе шетелдік білім беру ұйымдарындағы оқу ақысын төлей аласыз. Бүгін біз өз қонақтарымызға осы депозиттің артықшылықтары туралы баяндағанбыз, бірнеше отбасы бірден, сол арада өз балаларының атына шот аштырды. Біздер Балаларды қорғау күні қарсаңында Ұлытаудың кішкентай тұрғындары қазірдің өзінде келешегі үшін сенімді тірек қалыптастырғанына қуанып отырмыз", – дейді жаңа филиалдың директоры Нұрбол Есқайыров.

Ал Ольга Хамзина Отбасы банктің филиалының ашылуына іргесіндегі Сәтпаев қаласынан келіпті. Ол өзінің банктегі алғашқы депозитін 8 жыл бұрын ашқан екен.

"4 жылдың ішінде мен пәтер сатып алуға қажетті соманы жинақтап үлгердім, ал бүгін қыздарымның атына болашақта білім алуға ақша жинау үшін депозит ашуға шешім қабылдадым. Қазір үлкенім 15 жаста, кіші қызым 6 жасқа толды, олардың келешегін ойлайтын уақыт келді деп ойлаймын".

Отбасы банк тұтынушысы, Ұлытау облысы, депозит, Aqyl, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 17:56

Сурет: Отбасы банк

Жезқазғандық Зүлфия Тіленова балаларының болашағын одан да бұрын ойластырған екен. Күйеуі екеуі екі бала тәрбиелеп отырса – үлкені 5 жаста, екіншісі енді үш айға толыпты.

"Осыдан үш жыл бұрын біз «Арнау» депозитін ашып – балаларымыз үйлі болуы үшін ақша жинақтап жүрміз. Ал енді олардың білім алуына да қаражат құйғымыз келеді. Уақыт зулап өте береді, балалар да тез есейіп келеді, сондықтан қазірдің өзінде осыны ойластырған жөн".

Ләззат Сыздықова екінші жыл қатарынан пәтер алу үшін Отбасы банкте қаражат жинақтап жүр. "AQYL", депозиті туралы естіген ол да шот ашуға шешім қабылдаған.

"1 маусымда қызым Азиза 13 жасқа толады, сондықтан мен білім беру депозиті  – туған күнге арналған ең тамаша сыйлық деп есептеймін".

Сонымен банкте "AQYL" салымын 3 немесе 5 жылға ашуға болатыны баяндалды.

Егер депозит кемінде үш жыл мерзімге ашылған болса, онда жылдық депозит мөлшерлемесі 12%-ды құрайды (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1%-ға дейін). Егер депозит 5 жылдан кем емес мерзімге ашылған болса, онда депозит мөлшерлемесі 9,5%-ды құрайды (ЖТСМ 9,5%-дан 10,1%-ға дейін).

Есептелген банк сыйақысы ай сайын капиталдандырылып отыратыны да – маңызды. Демек, депозит сомасына банктің сыйақысы қосылып, келесі айда осы ақшаға қайтадан сыйақы есептеледі.

Отбасы банк тұтынушысы, Ұлытау облысы, жаңа филиал, депозит ашу, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 17:56

Сурет: Отбасы банк

Депозиттің ең үлкен артықшылығы да сонда. Салым мерзімі, пайыздық үстеме, капиталдандырумен бірге, жинақ сомасы тиімді түрде еселеніп отырады.

Оның үстіне балалардың біліміне қаражат жинақтауға мемлекет те көмектесіп отыр. Үкімет салымшылардың барлық санаттары үшін жыл сайын 5% және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы және табысы төмен отбасылардан шыққан балаларға ашылған депозиттер бойынша 7% сыйақы үстемелеп отырады.

Осы арада "AQYL" депозиттерін Ұлттық Қордан алынған жинақтармен де толықтыруға болатынын еске сала кету керек, бұл да маңызды. Бұл төлемдерді биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар қолданып, жұмсай алады.  Мұны "Ұлттық қор– балаларға" жобасының аясында enpf-otbasy.kz платформасында жасауға болады.

Отбасы банк, Ұлытау облысы, жаңа филиал, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 17:56

Сурет: Отбасы банк

Іс-шара соңында "Отбасы банк" АҚ Сату және өңірлік даму департаментінің директоры Гүлмира Датқаева Ұлытау өңірінде қазір 25 мыңға жуық банк салымшысы бар екенін, оның 13 мыңы Жезқазған қаласының тұрғындары, шамамен қалған 7500 адам Сәтпаев қаласында тұратынын атап өтті. Ендігі жерде олардың барлығы үшін Отбасы банктің Ұлытаудағы жаңа филиалының есігі айқара ашық.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: