Маңғыстау облысында "Бірлестік-2024" өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтауға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысады. Әскери маневрлер "Оймаша" полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді.
"Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, "Бағдар" тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript