Дәурен Абаев дене шынықтыру кешенін салуда жаңа тәсіл қолдануды ұсынды

спорт зал, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 10:38 Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрі Үкімет отырысында Дәурен Абаев Қазақстандағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысына жаңа тәсіл қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы өңірлік стандарттар жүйесіне сай 1000 адамға арналған спорт залының ауданы 80 шаршы метр болуы керек. Бірақ өңірлердегі кешендер стандартқа сай емес. Елді мекендерде спорт залына деген қажеттілік қазіргі залдарға 935 мың шаршы метр, енді салынатындарға 1,5 миллион шаршы метрден асады. Демек тапшылық 39%-ға немесе 574 мың шаршы метрге жетіп отыр.Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев

Министрдің айтуынша, Түркістан, Алматы облыстарында, сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында спорт залдары жеткіліксіз. Сонымен қатар ол Павлодар, Қарағанды ​​және Батыс Қазақстан облыстарында инфрақұрылымда кемшіліктер бар екенін айтты.

Министр жалпы елімізде 42 мыңнан астам спорт нысаны бар екенін, оның 23 мыңнан астамы ауылдық жерлерде екенін еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін спорт инфрақұрылымының тапшылығын шешу мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу бойынша 100 жоба жүзеге асырылған.

Спорт кешенін салуды экономикалық қолдау үшін үлкен қаражат қажет екенін, оның қымбат жоба екенін мойындауымыз керек. Олардың бір бөлігі тұрғындардың азаюы байқалатын, болашағы жоқ елді мекендерде салынған. Осыған байланысты кейбір кешендер толық жұмыс істемейді. Біз көзқарасты өзгертуді ұсынамыз. Мәселені шешу үшін құрастырмалы және арзан спорт модульдерінің құрылысын ұсынамыз. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл тәжірибені ауылдық елді мекендерде спорттық инфрақұрылым салу үшін қолдана бастады. Ол әлдеқайда арзан, функционалды және жылдамырақ. Біз әкімдіктерден осы тәсілді қарастыруын сұраймыз.Дәурен Абаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: