Қазақстан мектептері оқулықтармен 67% қамтамасыз етілген – Аймағамбетов
Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептердің жаңа оқу жылына дайындық деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты басқарма басшысы қазір өңірлерде оқулықтарды жөнелту және жеткізу 67% орындалғанын айтты.
Екінші сыныптарға оқулықтардың 79% жеткізілді. Аптаның соңына дейін бітіреміз. «Оқу мектебі» жобасы аясында мектеп кітапханаларына балаларға арналған қызық көркем әдебиеттің 2 миллионға жуық данасы сатып алынады. Жаңа оқу жылында балаларды кітап оқуға баулу жұмысы жалғасады.Асхат Аймағамбетов
Сонымен қатар министр 261 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын айтты.
1 қыркүйекке дейін 213 мектепте жөндеуді аяқтау жоспарланған. Алайда 12 облыста, әсіресе БҚО-да 12, Алматыда 5, Түркістан мен Жетісуда 4, Атырауда 3 мектеп күрделі жөндеуді аяқтамау қаупі бар. Бұл мектептерде алдын ала жөндеу жылдың соңына дейін жалғасады. Осыған орай әкімдіктер 48 мектепте оқытуды ұйымдастыру үшін жөндеу аяқталғанға дейін сабақ өтетін орындарды анықтап, балалардың білім алуына қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауы қажет.Асхат Аймағамбетов
Министр жергілікті әкімдіктер биыл 225 мектеп салуды жоспарлап отырғанын айтты. Оқу жылы басталғанға дейін 41 мемлекеттік мектеп пен 40 жекеменшік мектеп ашу жұмысы аяқталуға тиіс.
Әр аймақтың нақты көрсеткіштері бар. Бүгінде облыстардың көпшілігінде үш ауысымды және апатты мектептер бар. Әсіресе, Алматы облысында 56 мектеп үш ауысымда жұмыс істейдә. Үш ауысымды мектептердің саны жылдан жылға артып келеді. Бұл мәселені шешу үшін әкімдіктер мектептерді жаңа оқу жылына дейін уақтылы пайдалануға беру, сонымен қатар басқа мектептердің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау шарасын қабылдауы қажет.Асхат Аймағамбетов
Өз кезегінде премьер-министр Әлихан Смайылов барлық білім беру нысаны оқу жылының басталуына 100% дайын болуы керек екенін айтты.
Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, облыс әкімдері бұл мәселелерді ерекше бақылауға алуы керек.Премьер-министр Әлихан Смайылов
Министрлер кабинетінің басшысы мектептердің жөндеуі аяқталмай қалу қаупі бар әкімдіктерге жұмысты мерзімінде аяқтау шарасын қабылдауды тапсырды.
Батыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарындағы, Алматыдағы бірқатар мектептерде жөндеу аяқталмай қалу қаупі бар. Сондықтан аталған өңірлер жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтау үшін жедел шаралар қабылдауы қажет. Бұл жоспарлы мектептер құрылысына да қатысты.Әлихан Смайылов
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript