Мектеп формасына шамамен 36 мың теңге: Асхат Аймағамбетов чегін көрсетті

Асхат Аймағамбетов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 15:42 Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бүгін ұлының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты. Кейіннен министр алған киімнің чегін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сонымен қатар мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады. Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын, – деп жазды Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-дағы каналына.

Бір түбіртектегі сома – 26 мың теңге (пиджак, шалбар, жейде).

Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук).

Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады.

Одан бөлек портплед бағасы – шамамен 20 мың теңге.

чек, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 15:42

Сурет: Telegram/aimagambetov

чек, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 15:42

Сурет: Telegram/aimagambetov

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов баласының бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтты. Министр баласы былтырғы киімдерін биыл да киетінін жеткізді.

Министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өткім келеді. Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді.Асхат Аймағамбетов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: