Министр ауыр сөмке арқалаған оқушылар мәселесіне қатысты жаңа бастама көтерді
Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов "Бетпе-бет" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрлігі жаңа бастама көтерді. Оған ата-аналардың шағымы әсер еткен, деп хабарлайды "Хабар 24".
Асхат Аймағамбетов "Бетпе-бет" бағдарламасына берген сұқбатында министрлік сайтында барлық оқулықтың электронды нұсқасы жүктелгенін айтты. Ал оқушы қалағанын планшетке жүктеп алып, оқыса болады.
Барлық баланың планшет алатын жағдайы жоқ. Оны жақсы біліп, түсініп отырмыз. Сондықтан қазір біздің көтеріп отырған тағы бір мәселе - міндетті түрде бастауыш сыныпта оқитын балаларды планшетпен қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізу.ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов
Айта кетсек, ата-аналар балалардың сөмкесі тым ауыр екенін жиі айтып жүр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударған. Соған қарағанда бұл мәселе шешімін табуға жақын қалған секілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript