Асхат Аймағамбетов: Биыл 25 жылдан астам еңбек еткен ұстаздарға марапат тағайындалды

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2022 12:02 Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, өз ісіне сүйіспеншілігі мен адалдықтары үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қымбатты әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!Ұстаз - ол тек мамандық қана емес, сонымен бірге арнайы ағартушылық миссия. Сіздер күн сайын балаларды білім нәрімен сусындатып, олардың дарындарын ашуға, дұрыс құндылықтарды бойларына сіңіруге көмектесесіздер. Асхат Аймағамбетов

Министрдің мәліметінше, бүгінгі күні еліміздегі білім беру жүйесі - 500 мыңға жуық ұстазымыз еңбек ететін үлкен сала.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президент болып сайланғаннан кейін бірден мұғалімдер корпусын қолдау үшін барлық шараны қабылдауды тапсырды. Осылайша 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданып, мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден, міндетіне жатпайтын функциялардан босатуға жағдай жасалды. Біліктілік санаты, магистратура, сынып жетекшілігі, дәптер тексергені және т.б. үшін әр түрлі қосымша төлемдер енгізіліп, олардың көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының шешімдері арқасында мұғалімдердің жалақысы бірнеше жылдан бері жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. Биыл 25 жылдан астам еңбек еткен барлық ұстазға арнайы марапат тағайындадық. Өйткені өз ісіне осынша жыл адал қызмет еткен мамандар ерекше құрмет пен қолдауға лайық. Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар министр 30 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар мұғалімдерді санаттар мен ай сайынғы қосымша төлемдер алу үшін тапсыратын тесттен босату туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Қыркүйек айынан бастап ел мектептерінің басым көпшілігі бес күндік оқу аптасына ауысты. Сондықтан осы мектептердің мұғалімдеріне сенбіні қосымша демалыс күні ретінде беруді жөн көрдік. Енді өздеріңізге және жақындарыңызға көбірек көңіл бөле аласыздар. Келесі жылы қаңтар айынан бастап мектеп, колледж және қосымша білім беру ұйымдарындағы барлық педагогтің жалақысы тағы 25%-ға өседі. Сондай-ақ келесі жылы ел Президентінің тапсырмасы бойынша балабақшалардағы барлық тәрбиешінің жалақысы өседі. Оқу-ағарту министрі

Біз бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпай, бұдан да қолайлы жағдай жасауды жалғастыратындығы да айтылады.

Қадірлі әріптестер! Пандемия кезінде де өздеріңізді лайықты көрсете білдіңіздер. Көптеген ата-ана сіздердің жұмыстарыңыздың қаншалықты жауапты және қиын екенін тағы бір мәрте түсінді. Ал балалар мұғалімнің мейірімді көзқарасы, жылы сөзі, оның көмегі қаншалықты маңызды екенін сезінді. Мен қала және ауыл мектептеріне барғанда әріптестеріммен әңгімелескенді ұнатамын. Сіздердің білім саласына сіңіріп жатқан қажырлы еңбектеріңізді көріп, істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз және адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, істеріңізге береке және шаңырақтарыңызға амандық тілеймін! Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер! Ұстаздар күні құтты болсын! Асхат Аймағамбетов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: