Оқу-ағарту министрлігі ресейліктердің келуімен оқушылар саны артпағанын айтты

Ресей, ресейлік оқушылар, Қазақстан, Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 12:49 Сурет: Zakon.kz
Amanat партиясының XXIV Съезінің кулуарында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейліктердің ағылуы салдарынан Қазақстан мектептерінде дүрбелең тумағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрлігі жағдайды қадағалап отырғанын атап өтті.

Біз бұл ақпарат жинап, жағдайды бақылап отырмыз және мұндай дүрбелең жоқ екенін мен ресейліктер қаптап жатпағанын көріп отырмыз. Оқушылар санының күрт өсіп кеткенін де көріп, тіркеген жоқпыз.Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов

Оның айтуынша, бұған Қазақстанға келген ресейліктердің жасы себеп болуы мүмкін.

Олардың жас шамасы басқаша, отбасылы адамдар. Қалай десек те, оқушылар санының көбейгенін көріп отырған жоқпыз.Асхат Аймағамбетов

Сондай-ақ ол Ресейден келген мұғалімдер Қазақстан мектептерінде неліктен жұмыс істей алмайтынын түсіндіріп берді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазақстандық мектептерде жұмысқа орналасу үшін бір жыл бұрын енгізілген белгілі талаптар үдесінен шығу керек.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: