Аймағамбетов мектеп ғимаратындағы қазандықтарды ауыстыру қажет екенін айтты

57 мектепте қазандық бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 16:50 Cурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бірқатар өңірде қазандықтар әлі де мектеп ғимараттарында орналасқанын айтты. Министр жақында Ақмола облысында болған жарылысты еске салып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Аймағамбетов Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында қазандықтар әлі де мектеп, колледж мен балалар үйлерінің ғимаратында орнатылғанын айтты.

"Бұл балаларға үлкен қауіп төндіреді. Жақында Ақмола облысында болған жағдайды білесіздер. Онда қазандық мектеп ғимаратының сыртында болғандықтан оқушылар зардап шеккен жоқ. Ал егер қазандық мектеп ғимаратында болса, зардап шегушілер болуы әбден мүмкін еді. Осыны түсінуіміз керек. Сондықтан білім беру нысандарындағы жылу жүйелерін бөлек бөлмелерге көшіруге қатысты талабымыз өте орынды".Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, жылу жүйесі мектеп ғимаратында орналасқан 263 мектептің 200-ден астамында бұл мәселе шешімін тапқан.

"Көп жұмыс атқарылды. Мұны мойындау керек. Бірақ күні бүгінге дейін 57 мектепте бұл мәселе толық шешілген жоқ. Бұл шараларға әкімдік тарапынан қаржы бөлінуі қажет".Оқу-ағарту министрі

18 қазанда Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: