Оқу-ағарту министрлігі: Алты жасар балаларды балабақшадан шығара алмайды

6 жасар бала балабақшадан шығарылмайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 18:13 Сурет: Zakon.kz
Алты жасқа толған баланы балабақшадан шығару туралы заңда ешқандай норма жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің жедел кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Асхат Аймағамбетов өткен аптада балабақшаларға қатысты мәселе көтерілгенін айтты. Онда 6 жасқа толған бүлдіршіндер топты ресми бітіруіне дейін балабақшадан шығарылады деген ақпарат айтылып жатыр.

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, алты жасқа толған баланы балабақшадан шығаруға заңды негіз жоқ.

"Қазақстан Республикасындағы білім туралы" заңның 30-бабында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мектеп табалдырығын аттағанға дейін болады деп көрсетілген. Бұл норма үш бұйрықта және мемлекеттік білім беру стандартында бар. Барлық норма түзетілген. Заңда "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мектеп табалдырығын аттағанға дейін жүзеге асырылады" делінгендіктен, алты жастан кейін баланы бақшадан шығаруға еш негіз жоқ".Наталья Жұмаділдаева

Ол бұрын желіде пайда болған осындай фактілер туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы орайда Оқу-ағарту министрі бұл мәселе бойынша жан-жақты түсініктеме беруге кеңес берді.

"Егер мұндай фактілер болса, Оқу-ағарту министрлігіне хабарласыңыз. Бірақ шартты түрде егер бала қаңтарда алты жасқа толса, оқудан шығаруға болмайды деген норма анық бекітілген. Бұл дегеніміз тамыз айына дейін міндетті, яғни тиісті бағдарламаны меңгергенге дейін бала балабақшада болады деген сөз. Осындай фактілер бойынша расталмаған ақпарат тараған кезде дереу ақпарат беру қажет. Ал кейбір ұйым қабылданған нормаларға қайшы келетін шешім қабылдаса, онда қатаң шаралар қабылдануы керек".Асхат Аймағамбетов

1 қарашада Қазақстан балабақшаларға бірыңғай кезек енгізуді көздеп отырғаны хабарланған еді

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: