"Болашақ" үздік шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға арналған жеңілдіктерді көбейтті

Болашақ шарттарды жеңілдетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 12:01 Сурет: pexels
2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер мен медициналық мамандар жеңілдетілген шарттармен "Болашақ" халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен бірге жеңілдігі бар үміткерлер құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олардың стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылатын университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар. Еске сала кетейік, «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдігі бар кандидаттарды қоспағанда, үздік шетелдік ЖОО-лардан шақыруы бар үміткерлер ғана қатысады.

"Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдікпен қатысу үшін үміткер дипломының орташа балы – GPA кемінде 4.0-тен 3.0 болу тиіс. Сонымен қатар кемінде В1 деңгейдегі мемлекетік тілден КАЗТЕСТ сертификаты және шет тілін меңгерудің орташа деңгейін растайтын құжат талап етіледі. Мысалы, ағылшын тілінде оқыған жағдайда, кемінде 9.0-дан 5.0 деңгейдегі IELTS сертификатын, қытай тілінде – кемінде 6-дан 3 деңгейдегі HSK, неміс тілінде - С1-ден B1-B2 деңгейдегі Goethe-Zertifikat және тағы басқа ұсыну қажет.

"Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медицина қызметкерлерін іріктеу қағидалары жетілдірілді. Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, "Болашақ" бағдарламасының шарттары бойынша мемлекет студенттерге оқу, екі жаққа ұшу, медициналық сақтандыру, виза мен оқу материалдарына шығынды өтейді. Оған қоса ай сайын стипендия төленеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: