А-Parking-тің бұғаттаулы шотындағы ақша 600 миллион теңгеден асқан
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы A-Parking ақылы автотұрақтары әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр. Тек одан түскен ақшаны, әзірге ешкім жұмсай алмайды. Ал сол бұғатталған шоттағы ақша 600 миллион теңгеден асыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.
A-Parking-тің бұғатталған шотындағы ақша 600 миллион теңгеден асқан. Ақы да, айыппұл да бұғатталған шотта екен. Мәселен, Алматыдағы A-Parking ақылы автотұрақтары әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Осы уақытқа дейін жұмыс істеген компания жұмысын жалғастыра береді. Автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істеп, айыппұлдар салынып жатыр. Мамандар тиісті бақылауды жүргізуде. Биыл 7 наурызда компания шотындағы сома 600 миллион теңгеден асты. Бұл қаражат күн сайын көбейіп келеді және барлық рәсім аяқталғаннан кейін құрылған мемлекет кәсіпорнының шотына беріледі". Алматы мобильділік басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Әсет Төлеушев
Ал ақылы паркингті май-шелпекке айналдырған A-Parking компаниясының экс-басшыларына күні кеше сот үкімі шыққан. Автотұрақ қызметін басқаратын "Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры Марат Пірінбековті сот 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сол серіктестікке қарайтын AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаев 6,5 жылға сотталды.
A-Parking компаниясының экс-басшылары былтыр сәуір айында құрықталған. Сол кезде оларға аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған.
"Сот компанияның директоры П. есімді сотталушы Б. есімді азаматпен алдын ала сөз байласып, автотұрақтардан түскен 225 миллион теңгені жымқырған. Серіктестіктің бас директоры Б.есімді азамат іздеуде жүрген адаммен алдын ала сөз байласып, автотұрақтан түскен 190 миллион теңгені қолды қылды. Автотұрақтардан мемлекетке түсетін дивидендтің 30 пайызы берілмеді. Бұл сома 436 миллионнан асады". Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Айәділ Сайлаухан
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript