Арақ ішіп жүрген адамға Ораза ұстауға болады ма - имам жауабы
Сурет: Zakon.kz
Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Жауабы бар" бағдарламасында имам Бауыржан Әбдуәлі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хадисте "арақ ішкен адамның 40 күнге дейін намазы қабыл болмайды" делінеді. Егер одан кейін ол адам тәубеге келсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Осылайша үш рет кешіреді. Ал төртінші ретінде оның 40 күн намазы қабыл болмайды. Одан кейінгі тәубесін де қабылдамайды. Оны тозақтық іріңнен жиналған сусыннан сусындандырады. Демек, имамы түседі, бірақ намазы қабыл болмайды. Сол секілді Оразаға да қатысты осылай. Егер ол Ораза басталар алдында 1-2 күн бұрын ішіп қойып, бірақ Ораза кезінде бәрінен тыйылып, тәубе етсе, ол қабыл болады. Бұл арада сауабының болу-болмауы тәубе етуіне байланысты". Имам Бауыржан Әбдуәлі
Қазақстанда 23 наурызда мұсылман парыздарының бірі - Ораза басталғаны белгілі.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript