Түркістан облысында бензин болуы керек – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Бензин тапшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2021 14:20 Сурет: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
«ҚазМұнайГаз» еліміздің оңтүстігіндегі бензин жағдайына қатысты пікірін білдірді

Желтоқсанның 9-ы күні бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласының және Түркістан облысының жанар-май құю бекеттерінде бензин тапшылығы туындағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған орай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазіргі уақытта барлық үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыты қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспардан тыс орындалуда.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты тәулігіне шамамен 6 мың тонна бензин өндіріп шығарады. Зауыттан бензин мұнай берушілердің өтінімдеріне сәйкес уақтылы жіберілуде және тәулігіне 6 мыңға жуық тоннаны құрайды. Бұл көлемнің шамамен 2 мың тоннасы Түркістан облысына жөнелтіледі. Осылайша, Шымкент өңдеу зауыты тарапынан өңірде бензин тапшылығын тудыратындай еш негіз жоқ. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі

ҚМГ диспетчерлік-сараптау орталығының деректеріне сәйкес осы жылдың 10 желтоқсанындағы жағдай бойынша Түркістан облысының мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензин қоры 15,4 мың тоннаны құрайды, бұл облыстың 12 күндік тұтынуына тең.

Бұдан бөлек, ресми тұлғалардың бензин тапшылығы Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеумен байланысты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі ПМХЗ-да жөндеу жұмыстары осы жылдың қазан айында аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: