Путин Ресейдің доллардан бас тартпайтынын жеткізді, бірақ...
Сурет: kremlin.ru
РФ Президенті жыл сайынғы тікелей эфир арқылы жүрізілетін баспасөз конференциясына қатысып, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Владимир Путин рубль бағамына қатысты пікір білдіре отырып, бәрі бұрынғы қалпына оралатынын әрі қазіргі құбылыс уақытша екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бәрі қалпына келеді, мұның барлығы уақытша сипатқа ие деп айта аламын". Владимир Путин
Ресей қаржы нарығындағы жағдай тұрақты, ал бүгінгі таңда тұрақтылық пен болжам жасауға жарамдылық – ең бастысы, - деді ол.
"Жалпы қаржы нарығындағы жағдай тұрақты, ең бастысы - тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз ету. Менің ойымша, біз бүгін осындай мақсатты алға қойып отырмыз". Владимир Путин
Путин Ресейдің доллардан бас тартпайтынын жеткізді. "Бірақ бізге доллар мен евроға байланысты есеп-қисапта түзетулерді мойнымызға "іле" бастады", - дейді ол. Сондай-ақ Ресей Президенті рубльді долларға байлауда ауыр әлеуметтік-экономикалық салдар барын айтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript