"Kaspi Дүкен" мен Wildberries-тің нарықта үстем жағдайға ие екені әшкере болды

Kaspi Дүкен мен Wildberries-тің нарықта үстем жағдайға ие екені әшкере болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2024 19:56 Сурет: pexels
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қаржы нарықтары департаменті жүргізген талдау нәтижелері бойынша "Kaspi Магазин" ЖШС және Wildberries (ИМВБКЗ ЖШС) нарықта жиынтық үлесі бойынша 50%-дан астам үстем жағдайға ие екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік тауарларды бөлшек саудада өткізу мақсатында электрондық сауда алаңдарына кіруді қамтамасыз ету қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Нарық субъектілерінің құрамына Қазақстан Республикасында орналасқан бөлшек саудагерлерге ақылы қызмет көрсететін 9 электрондық сауда алаңы кірді:

1) "Kaspi Магазин" ЖШС;

2) "Halyk Finservice" ЖШС (Halyk Market);

3) "Интернет Решения" ЖШҚ (Ozon);

4) "INDEX" ЖШС (Forte Market);

5) "Jusan Mart" ЖШС (Jusan Market);

6) "Купишуз" ЖШҚ (Lamoda);

7) "ИМВБКЗ (Wildberries)" ЖШС;

8) "Amazon";

9) "AliExpress".

"Талдау қорытындысы бойынша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында "Каспи Магазин" ЖШС және "Wildberries" (ИМВБКЗ ЖШС) жиынтық үлесі бойынша 50% - дан астам үстем жағдайға ие екені анықталды", делінген құжатта.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: