Қызылордада су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда, су ресурстарын тиімді басқару  , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:30 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысында су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен дер кезінде жүргізілген келіссөздер арқасында биыл егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етілді, аймақта су тапшылығы болған жоқ.

Ауыл шаруашылығына соңғы екі жылда 20,3 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Өткен 10 айда негізгі капиталға 12,2 млрд теңге инвестиция салынды.

Ауыл шаруашылығы, Қызылорда облысы, Нұрлыбек Нәлібаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:30

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы үшін суармалы су мәселесі қашанда өзекті. Биыл 189 мың 449 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, агротехникалық талаптарға сай мерзімінде толық жиналды. Өндірісте ылғал үнемдейтін технологиялар қолдану қарқынды дамып келеді. Жаңа технологияларды пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық", - деді облыс әкімі.

Су ресурстарын тиімді басқару, әдістер, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:30

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының қолдауымен бастау алған "Кең дала-2" бағдарламасы диқан қауымы үшін қолайлы болды.

Су ресурстарын тиімді басқару, әдістер, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:30

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: