Қызылорда облысының әкімі: Күріш экспортында өсім бар

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда, күріш, экспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:53 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
2024 жылдың есебіне сәйкес, Қызылорда облысында күріш экспортында өсім бар. Былтырғымен салыстырғанда күріш экспорты 166,9 пайызға артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіде Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыр өңірінде егін шаруашылығын дамытуда және әртараптандыруда кешенді іс-шаралар қолға алынған. Кейінгі 3 жылда аграрлық саланы қолдауға мемлекет тарапынан 43 млрд теңге бөлінді. Соңғы 2 жылда 20 млрд. 300 млн теңгеден астам инвестиция тартылды. 

"Мемлекеттік қолдаудың арқасында машина-трактор паркі жаңартылуда. Үш жыл ішінде 20,9 млрд теңгеге 680 техника алынды. Осы жылы 8 млрд 800 млн теңгеге 250 ауыл шаруашылығы техникасы әкелініп, машина-трактор паркі 5 пайызға жаңаланды", - деді облыс әкімі. 

Брифинг, Қызылорда, Нұрлыбек Нәлібаев, ауылшаруашылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:53

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл 6,8 млрд теңгенің 11 инвестициялық жобасы жоспарланып, құны 6 млрд 400 млн теңгені құрайтын 9 жоба іске асты. Қалған екі жоба жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Бұл ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің жыл өткен сайын артуына оң ықпал етті, биыл осы көрсеткіш 229 млрд теңгеге жетеді.

Ауыл шаруашылығы, Қызылорда облысы, Нұрлыбек Нәлібаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:53

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сыр диқандары биыл 189 мың 400 гектар жерге егін екті. Негізгі дақыл күріш 85 мың 600 гектарға себіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынды, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналды (496,4 мың тонна).

Статистикалық деректерге қарағанда, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне облыстан 28,7 млн доллардың 52,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142,9 пайызға артық. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жіберілген. Былтырғымен салыстырғанда күріш экспорты 166,9 пайызға артты.

 Күріш, Қызылорда облысы, экспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:53

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Экспортталған өнімнің 92,1 пайызы, яғни 48 725,7 тоннасы – күріш. Сыр маржаны Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Иракқа жөнелтілді. 

Күріш, Қызылорда облысы, экспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 21:53

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: