Қазақстан қылмыстық қаржыны заңдастыруда 111 орында тұр

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 14:49 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөз жаңартылған рейтингін жариялады.

Базель басқару институты жасаған кестеде Қазақстанның позициясы едәуір жақсарған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 4,65 баллмен 111-ші орында тұрақтады.

Былтыр 4,71 баллмен 100-ші орында болған.

Жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингінде АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия сияқты елдер Қазақстаннан кейін келеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, рейтинг 10 балдық шкала бойынша жасалады, 10 – ең жоғары тәуекел болса, 0 – ең төменгісі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: