Қазақстанның экономикалық өсуі 11 айдың қорытындысы бойынша 4,4%-ды құрады

11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық өсуі 4,4%-ды құрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 16:22 Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі
Үкімет отырысында Қазақстанның ағымдағы жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңдегі экономиканың өсуі 4,4% болғанын баяндады. Нақты саладағы оң динамика 5%, көрсетілетін қызметтер 4,5%.

Салалардың ішінде ауыл шаруашылығы мен құрылыс жоғары өсуді көрсетіп отыр. Сауда 8,2%-ға, көлік қызметі 8,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі 5,3%-ға өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,1%-ға артты. Білім беру саласындағы инвестиция көлемі 2,2 есе, ғылым мен техникалық қызметте 42,1%-ға, көлікте 27,2%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 18%-ға өскен.

Қаңтар-қазандағы республикадағы сыртқы сауда айналымы $116,9 млрд. Экспорт $68,5 млрд, оның ішінде өңделген тауар $23,3 млрд, импорт $48,4 млрд. Жалпы ҚР оң сауда балансы $20,1 млрд.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталып отыр. Өнеркәсіп көлемі 5,3%-ға жеделдеген.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада 16,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда, 8,3%-ға жоғары.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 13,4%-ға ұлғайған. Негізгі егін жинау науқанының аяқталуының арқасында өсімдік шаруашылығындағы өсу 19,9%.

Н.Байбазаровтың айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдар экономикалық өсуді қамтамасыз етуі үшін мынадай шараларға назар аударуы қажет:

1. Құрылыстағы бюджет қаражатының игерілуіне бақылауды күшейту, жалға берілетін тұрғын үйлер мен жолдардың құрылысын аяқтау;

2. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібіндегі жоспарланған инвестициялық жобалардың аяқталуын және іске қосылуын қамтамасыз ету;

3. Тұрғын үй салуға және машина жасауды қолдауға бөлінген қаражатты бақылау мен игеруді күшейту;

4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі тиіс;

5. Астықты, оның ішінде экспортқа үздіксіз тасымалдауды және өткізуді қамтамасыз ету қажет.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: