Еліміздің кейбір өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі өсті

Инвестиция, негізгі капитал, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 17:10 Сурет: freepik
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың көрсеткіштерінен асып түсті. Қазақстанның қай өңірлерінде инвестициялардың ең көп ағыны тіркелгенін Zakon.kz сайтынан оқи аласыздар.

2024 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 15758 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-қарашадан (салыстырмалы бағамен) 3,1% көп, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

"Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі Қарағанды (50,5%-ға), Жетісу (37,8%-ға), Павлодар (35,8%-ға), Түркістан (25,5%-ға), Алматы (22,5%-ға), Қызылорда (20,5%)-ға облыстарында және Астана қаласында (20,4%-ға) байқалды". Ұлттық статистика бюросы

Бұл ретте, бюро мәліметінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың Атырау (27,7%-ға), Ақмола (15,2%-ға), Манғыстау (14,4%-ға), Ақтөбе (13,9%-ға), Ұлытау облысы (6,4%-ға), Алматы қаласында (3,8%), және Жамбыл (2,8%-ға) облыстарында төмендегені байқалады.

Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-қарашада 10345,5 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 65,7%-құрады.

Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 20,2% құрады, бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 37,5% жоғары.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 4% алады.

2024 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (40,5%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына–20,3%, өңдеу өнеркәсібіне–10,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (19,3%), көлік және жинақтауға (17,8%) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (4,9%) тиесілі.

Бұған дейін Қазақстанда өмір сапасының индексі қалай өзгергенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: