Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", делінген Ақорда хабарламасында.
Нұрлан Байбазаров 2024 жылы 6 ақпаннан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі болып қызмет атқарып келді. Ол 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс ағылшын тілдерін жетік біледі. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Қаржы, экономика саласында 23 жылдық жұмыс өтілі бар. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сынды квазимемлекеттік секторда да жұмыс істеген.
Айта кетсек, 20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.