Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
"Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Кенжебаева Айгүл Қаржаубайқызы министрлік аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды", делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.
1980 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қарағанды экономикалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы жеке компанияда экономист-менеджер болып бастаған.
2003-2004 жылдары — ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша департаменті бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы.
2004-2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы.
2010-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары.
2014-2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі департаменті директорының орынбасары, департамент директоры.
2019-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаментінің директоры.
2023 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі департаментінің директоры.