Қазақстанда жыл сайын 20-22 мың бала мерзімінен бұрын туады

Қазақстанда жыл сайын 20-22 мың бала мерзімінен бұрын туады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 17:59 Сурет: unsplash
Дүниежүзінде 17 қарашада 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерге күтім жасау қоры (EFCNI) құрған шала туған нәрестелер күні атап өтіледі.

Бұл күннің мақсаты – қоғамдағы бар проблеманы көп алдында және кеңінен жариялау, репродуктивтік денсаулықты нығайту мәселелерін шешу қажеті, медицина қызметкерлері мен шала туған балалары бар отбасылар кездесетін мәселелер, оларға қолдау мен түсіністік табуға көмектесу, үміт беру.

Әлемде жыл сайын 15 миллион бала шала туады. АлҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын барлық жаңа туған нәрестеден орта есеппен 20 - 22 мың бала (5%) мерзімінен бұрын туады. Бұл – жүктілік кезінде 36 аптаға жетпей және дене салмағы 2500 грамнан аз болып туған балалар. 2008 жылдан бастап біздің еліміз 500 грамнан аса төмен дене салмағымен жаңа туған нәрестелерге күтім жасай бастады. Барлық жаңа туған нәрестелердің жалпы үлесінде (500-999 гр.) 0,4%-ы дене салмағы өте төмен болып туады, барлық жаңа туған нәрестелердің 0,6%-ы дене салмағы төмен (1000-1499 гр.) болып туады.

Шала туған нәрестелерде жүктілік кезінде анатомиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасқан ағзалар жүйесі өмірді қолдау үшін тиісті функционалдылыққа ие емес. Өте жұқа және осал тері, тері астындағы майдың төмен деңгейі, жетілмеген өкпе ағзаны оттегімен қамтамасыз ете алмайды, жүрек-қан тамырлары мен ас қорыту жүйелері жетілмеген, сонымен қатар гипоксияға орталық нерв жүйесі өте сезімтал.

"Осы салмақ дәрежесінде туған балалар ең осалы және күтім процесі барынша назар аударуды, арнайы білімді, дағдыларды, медицина қызметкерлерінің шыдамдылығын, жоғары кәсіби және моралдық қасиеттерді талап етеді. Жаңа туған нәрестенің әрбір сақталып қалған өмірінің артында кәсіпқойлар тобының орсан зор еңбегі тұр. Емдеу мен қарқынды күтімнің экономикалық шығындары мерзімінде туғандарда жасалатын күтімге жұмсалатын шығындармен салыстыруға келмейді. Мерзімінен бұрын босанудың себептері әр түрлі факторлардың жиынтығынан туындайды - жүктіліктің кеш мерзіміне ауысу, ҚРТ-дан кейінгі жүктілік, экстрагениталдық патология және инфекциялар, аборттар, стресс факторлары және экстремалдық мінез-құлық, генетикалық факторлар, дұрыс тамақтанбау, жаман әдеттер және т. б". Денсаулық сақтау министрлігі

ДДҰ ұсынған тиімді перинаталдық технологиялар, ана болу қауіпсіздігі қағидаттары енгізілді, жаңа туған нәрестелердің реанимациясы мен қарқынды терапиясы дамыды, стандарттар мен клиникалық хаттамалар әзірленді және бекітілді, неонатологтар жыл сайын ел ішінде де, шетелде де оқытылады. Министрлік биыл алғаш рет әр жаңа туған нәрестенің өмірін сақтауға бағытталған неонаталдық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілгенін айтты.

"Дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 12% өсті, шала туған нәрестелердің өлімі жалпы алғанда 2% төмендеді. Сонымен қатар ДДҰ Қазақстанның халықаралық міндеттемелердің - ТДМ индикаторларының жетістіктерін - 2030 жылға қарай ана, бала және неонаталдық өлімнің төмендегенін атап өтті. Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, медицина қоғамдастығы пен болашағы ата-аналардың басты міндеті - мерзімінен бұрын босану санын азайту". Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл ең әуелі жас қыздар мен жігіттердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауына байланысты дейді дәрігерлер.


"Саламатты өмір салтын ұстану, профилактикалық тексерулерден уақтылы өту, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және контрацепция, темекі шегу, есірткі, алкоголь сияқты қауіп факторларынан бас тарту – дені сау ұрпақтың кепілі. Көптеген әйгілі адамдар шала туғанын, бірақ кейіннен әлемге әйгілі данышпан болғанын, олардың арасында Наполеон Бонапарт, Исаак Ньютон, Альберт Энштейн және т.б. бар екенін естеріңізге сала кетейік. Бұл шала туған балалары бар отбасыларымызға үміт пен күш беруге тиіс".Денсаулық сақтау министрлігі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: