Шекара маңындағы 100-ден астам мектепке Starlink интернетін қосу мүмкін болмай жатыр
Сурет: unsplash
Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов 12 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында шекара маңындағы 136 мектеп Starlink-ке қосыла алмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мейрамовтың айтуынша, қазіргі уақытта 1729 ауылдық мектеп Starlink технологиясымен спутниктік Интернетке қосылған.
"Бізге берілген уақыт бастапқыда жылдың соңына дейін еді, бірақ біз 1 қыркүйекке дейін барлық мектепке Starlink-ті орнату туралы батыл жоспар құрдық. Мектептерде орнатылған 136 Starlink терминалы жұмыс істемейді, өйткені олар шекара маңында орналасқан. Біз бұл ретте келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деп толықтырды сөзін ол.
ҚР ЦДИАӨМ басшысы Жасұлан Мәдиев Starlink компаниясының саясаты бойынша олар Қытай мен Ресей территориясын қамтымайтынын нақтылады.
"Егер бұл техникалық мәселе шешілмесе, онда оларды басқа мектептерге бөлу туралы келіссөздер жүргізілетін болады. Басқа техникалық шешім табылмайынша, біз осылай жұмыс істейтін боламыз. Бірақ біз бұл мектептерді Starlink интернетімен қамтуға мүдделіміз, сондықтан біз келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз", – деді Мәдиев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript