Дуров Telegram-ның бір функциясын өзгертті

Telegram, функция, өзгерту, Дуров, жақында адамдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 09:36 Сурет: pixabay
7 қыркүйекте Telegram-дағы "Жақында адамдар" функциясы алынып тасталды, оның орнын "Жақында бизнес" қызметі басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы аталған мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров Telegram арнасында жазды. Оның айтуынша, бұл мүмкіндікті мессенджер пайдаланушыларының 0,1%‑дан азы пайдаланады екен, бірақ соның кесірінен боттар мен алаяқтарға қатысты мәселелер туындаған. Ал жаңа функция "заңды, тексерілген компанияларды ғана" көрсетеді. Бұл фирмалар тауарлар каталогтарын ұсынып, төлемдерді еш қиындықсыз қабылдай алады.

Сонымен қатар мессенджердегі блог жүргізуге арналған дербес құрал - Telegraph-қа жаңа медиа файлдар жүктеу қызметі өшірілді. Дуров бұл құралдың бөтен мақсатта қолданылғанын айтады.

"Telegram арнасын пайдаланушылардың 99,999%-ының қылмысқа ешқандай қатысы жоқ болса да заңсыз әрекеттерге жол берген 0,001%-ы бүкіл платформаның имиджіне кір келтіріп, біздің миллиардқа жуық пайдаланушыларымыздың мүддесіне қауіп төндірді. Сондықтан біз биылғы жылы Telegram модерациясын сыннан гөрі мақтауға айналдыруға тырысамыз". Павел Дуров

Сондай-ақ ол Telegram Premium ақылы жазылым иелерінің саны 10 миллион адамға жеткенін атап өтті. Дуровтың өзі бостандыққа шыққаннан кейін жариялаған алғашқы жазбасының арқасында 3 миллион рубльге жуық табыс тапқан. Оның 6 қыркүйекте жариялаған жазбасы 2,4 миллион "ақылы реакцияларға" ие болды. Бұл жұлдызшылар - оқырмандардың донаттары.

Павел Дуров, донаттар, табыс, Telegram , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 09:36

Сурет: Telegram/durov


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: