Boeing Starliner Calypso ғарыш кемесі Жерге сәтті оралды

Ғарыш кемесі, Boeing Starliner Calypso, Жерге оралу, НАСА, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 10:35 Сурет: instagram/nasa
Boeing Starliner Calypso ғарыш кемесі үш айдан кейін Жерге оралды. Ол АҚШ-тың Нью-Мексико штатына сәтті қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NASA-ның мәліметінше, ғарыш кемесінің көктен Жерге оралуы шамамен алты сағатты құрады. Осы уақыт ішінде үнемі тікелей трансляция жүргізіліп отырды.

"Starliner кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 22:01-де (Астана уақыты бойынша 09:01) Жерге  қонды", - деп хабарлады тікелей эфирді жүргізуші.


NASA-ның ресми сайтында Boeing компаниясының Starliner ғарыш кемесі Жерге оралу үшін шығыс уақыт белдеуі бойынша сағат 18:04-те Халықаралық ғарыш станциясынан автономды түрде ұшып шыққанын хабарлады. Сағат 12:01-де (Астана уақыты бойынша 09: 01) ғарыш кемесі Нью-Мексикодағы Уайт-Сэндс ғарыш портына қонды.

Boeing Starliner Calypso Халықаралық ғарыш станциясынан ұшып шығып, 6 қыркүйекте Жерге қарай бағыт алды. Америкалық Уильямс пен Уилмор 22 маусымда Жерге оралуды жоспарлаған, бірақ кеме ақауларға байланысты ХҒС-да қалып кетті.

Boeing компаниясының NASA-мен келісімшарт бойынша жасаған Starliner кемесімен 5 маусымда NASA астронавттары Барри Уилмор мен Сунита Уильямс алғашқы басқарылатын рейске аттанды. Сынақ миссиясы шамамен бір аптаға созылады деп жоспарланған болатын, бірақ станцияға қону кезінде кеменің қозғалтқышында ақаулар пайда болып, гелийдің ағып кетуіне байланысты сапар мезімі ұзартылды. 

Мамандар анықталған ақауларды көпке дейін жоя алмады, сондықтан Starliner-ді Жерге экипажсыз қайтару туралы шешім қабылданды. NASA-ның сынақ ғарышкерлері Уилмор мен Уильямс Халықаралық ғарыш стансасында қалды. Оларды енді 2025 жылдың ақпанында Crew Dragon кемесі алып қайтуы тиіс.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: