Қазақстандық дәрігерлер пестицидтермен күрес тәсілдерін меңгерді

Зертхана, Алматы, БҰҰ, дәрігерлер, пестицидпен күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 19:34 Сурет: pixabay
Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арнайы семинар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік астанаға өңірлерден келген токсиколог дәрігерлер, жедел жәрдем қызметкерлері химиялық қоспадан уланған кезде дұрыс диагностика жасауды үйренді. Нақты ем көрсету және денсаулыққа мейлінше зардабын азайту жөнінде тәжірибелерін толықтырды. Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері елдің бес өңірінде зерттеу жүргізген. Тәжірибе фермерлердің пестицидтерді орынсыз қолданатынын, жеке бастың қорғанысына аса мән бермейтінін көрсеткен. «Зиянкестерге қарсы заттың үздіксіз әсері қатерлі ісік ауруына, Альцгеймер және Паркинсон дертіне, гормондық ауытқуға әкеп соқтырады», – дейді дәрігерлер, деп хабарлайды 24KZ


"Пестицидтермен күресте алғашқы қадам – ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдардың қорғаныс тәсілдерін меңгеруіне күш салу. Сонымен қатар Ұлттық токсикологиялық орталық құру керек. Бұл медицина қызметкерлерінің біліктілігін артыруға, ортақ емдеу механизмін құруға,  пестицидтер мен химиялық заттардан уланудың алдын алуға көмектеседі". Мухсин Ақбаба, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: