Омбыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин 27 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалын қашықтан ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалы шетелдік университеттердің Ресейдегі алғашқы филиалы болып табылатынын айтты.
"Ректорлардың белсенді жұмысы мен губернатордың қолдауының арқасында филиал толықтай жабдықталған. Омбыда Қазақстанның жетекші университеттері бірінің филиалының ашылуына қуаныштымыз. Рақмет", - деді ол.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ф.М. Достоевский атындағы Омбы университетінің базасында филиалын ашу мәселесі әріптестерімен толықтай пысықталғанын атап өтті.
Одан бөлек, ескерткіш тақта ашылып, филиалды тіркеу рәсімі жүргізілді.
28 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript