Қазақстанда контрциклдік бюджеттік ереже іске қосылды – Ұлттық банк

Ережелер, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 17:03 Сурет: ҚР Ұлттық банкі
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда контрциклдік бюджеттік қағида жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол 2023-2025 және одан кейінгі жылдарға бюджетті қалыптастыру кезінде қолданыла бастайды. Мемлекет басшысы заңнамаға тиісті түзетулерді 2021 жылы 31 желтоқсанда бекітті.

ҚҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев жаңа бюджеттік қағиданың Ұлттық қордан қаражат алуды төмендетуге қалай әсер ететіні, сондай-ақ мемлекеттік шығыстар жүйесін қалай тәртіпке келтіретіні туралы айтып берді.

Бюджеттік қағида – бұл ел бюджетін мұнай мен газ сияқты кірістердің маңызды экспорттық баптарына бағалардың ауытқуынан қорғауға бағытталған қауіпсіздік алгоритмі екенін түсіну керек. Оның мәні – жыл сайын Үкіметтің келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде кесімді бағаны, келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде кепілдік берілген трансферттің мөлшерін айқындау үшін пайдаланылатын мұнайдың бағасын айқындайтынында. Кесімді баға өндірудің болжамды көлемі есепті жылы 90,5 млн тоннадан асқан кезде түзетілетін болады. ҚҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев

Олжас Күбенбаев атап өткендей, бұл ковидке дейінгі 2019 жылы қол жеткізілген Қазақстандағы өндірудің ең жоғары көрсеткіш деңгейі болып табылады. Яғни, егер, болжамды жылға өндіру көлемі осы шекті мәннен асатын болса, онда кесімді баға артуға барабар төмендейді. Басқаша айтқанда, бюджеттік қағида тіпті өндіру көлемі өскен кезде де Ұлттық қордан қаражат алуды өсіруге мүмкіндік бермейді.

Яғни, Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт тиісті жылға мұнай өндірудің болжамды деңгейі ескеріле отырып кесімді баға кезінде мұнайға жатпайтын сектор ұйымдарынан түсетін салық түсімдерінің көлемі ретінде есептелетін болады. Осылайша, бұл кейіннен дағдарыс кезеңдерінде экономиканы ынталандыру үшін пайдаланылуы мүмкін фискалды буферді жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Олжас Күбенбаев мемлекеттік шығыстардың өсу қарқыны қалай шектелетінін айтты.

Бұл қағида республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын шектеу жөніндегі шекті мән тұратын екі элементті регламенттейді. Біріншісі – экономиканың ұзақ мерзімді нақты өсуі. Ол жоспарланған кезеңнің алдындағы 10 жылдағы нақты ІЖӨ өсуінің орташа мәні ретінде есептеледі. Алынған мән Ұлттық Банк белгілейтін жоспарлы кезеңге инфляция бойынша нысаналы бағдардың ортасына сәйкес келетін инфляция жөніндегі мақсатқа ұлғайтылады. ҚҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев

Он жылдық есептеу кезеңі – бұл ІЖӨ-нің әлеуетті нақты өсу қарқынын барабар бағалауға мүмкіндік беретін экономикалық циклдің аппроксимациясы болып табылады. Шығыстардың өсу қарқынын шектеу мемлекеттік шығыстарды тұрақтандыруға және фискалды тәртіпті арттыруға бағытталған. Бұл норманы енгізу ақша-кредит және салық-бюджет саясаттарын үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді, бұл экономиканың ұзақ мерзімді орнықты өсуін қамтамасыз ету үшін негізгі факторлардың бірі саналады.

Бюджеттік қағидалар 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі жаңа тұжырымдамада көрініс табатын мемлекеттік қаржыны басқару саясатын реформалау бойынша кешенді тәсілдің бір бөлігі болып табылады.

Тұжырымдамада салық – бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі тұжырымдамалық мәселелері, қағидаттары мен тәсілдері, бюджет қағидаларының өлшемдері, мемлекеттің борыштық саясатының ұзақ мерзімді пайымдауы көрсетілген. Сонымен қатар, Ұлттық қор қаражатын одан әрі сақтауға және көбейтуге баса назар аударылды.ҚҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев

Реформалардың бірінші кезектегі міндеті экономиканың ұзақ мерзімді және тұрақты өсуі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады, ол үшін мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ болжанбаған дағдарыс жағдайларынан шығу үшін жеткілікті тұрақтылық қорын қамтамасыз ету қажет.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: