Астанада аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен компания басшысы ұсталды

Жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 20:18 Сурет: pexels
"Ас-Ай" ЖШС басшысы Асқар Асайұлы Омар аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ - квазимемлекеттік компанияға едәуір шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қыркүйекте Астана қаласы бойынша экономикалық тергеулер депараменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен "Ас-Ай" ЖШС басшысы Асқар Асайұлы Омарды ұстады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА).

Асқар Омар "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан келтірілген залалды өндіріп алу кезінде жеткізу көлемі туралы жалған мәліметтерді және аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланғаны айтылады.

Квазимемлекеттік компанияның заңсыз әрекеттерінің салдарынан 300 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

ҚМА мәліметінше, ұрланған қаражатқа Омар Астанада құны 125 млн теңге қымбат пәтер мен Range Rover автокөлігін 60 млн теңгеге сатып алды.

Сонымен қатар, ол қаражатты көлеңкелі айналымға шығару үшін номиналды заңды тұлғалардан 1,3 млрд теңгеге жалған шот-фактураларды пайдаланды.

Осыған байланысты 285,6 млн теңгеге салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: