27 желтоқсандағы саудада доллар тағы сәл арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,80 теңгеге төмендеп, 455,50 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,73 теңге болды.
Ұлттық банк еуроның бағамын 502,39 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 456,3-458,3 теңге, еуро 500-503 теңге, ресей рублі 4,93-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 27 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің құны 0,16%-ға, барреліне 80,72 долларға дейін төмендеді.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының ақпан айындағы фьючерстері 0,25%-ға арзандап, барреліне 75,38 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript