Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды
Монеталар күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған.
Монета күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылған монетаның массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof , номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана.
Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Сондай-ақ МН 25 мельхиор қоспасынан жасалды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated , номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.
Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Ұлттық банктің мәліметінше, күмістен жасалған WORLD PAINTING монеталары кәдесый қаптамасында шығарылады. ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.
Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.
Бұған дейін Ұлттық банк айналысқа шығарған Рахымжан Қошқарбаев пен Кемел Ақышевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды таныстырған болатын.