Биткоинның бағасы 107 мың доллардан асты
Фото: Zakon.kz
Биткоин бағасы шарықтауын жалғастырып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, оның құны 107 мың доллардан асып кеткен.
"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, криптовалютаның өсуіне сайланған президент Дональд Трамптың мұнай қоры тәрізді биткоин резервін де құру жоспары себепші.
Айта кетсек, Трамп Ақ үйге оралғалы, яғни, қаршаның 5-нен бері бұл сандық актив 50 пайызға, жыл басынан 150 пайызға қымбаттапты, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы алғанда, биыл әлем бойынша криптовалюта нарқының көлемі 3,8 триллионға жетті.
Ал АҚШ-та биткоинның шамамен 200 мың данасы бар. Олар қазір 20 миллиард долларға бағаланып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript