Адам қайтыс болғанда үйдегі айнаны не үшін жабамыз

Адам қайтыс болғанда үйдегі айнаны не үшін жабамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 10:05 Сурет: unsplash
Қазақ халқында "Адам қайтыс болғанда айнаның беті ашық алмауы керек" деген сенім бар. Мұның да белгілі бір негізі бар екенін дін өкілдері айтып берді.

Хасан Аманқұл "Мұнара" газетіне жазған мақаласында бұл істің бірінші себебін кейбіреулер айнадағы көріністі де сурет деп есептейді деп түсіндірді. Дінді мықтап ұстанған мұсылман барынша үйінің ішіне ит алып кірмеуге, үйдің қабырғасына сурет ілмеуге тырысады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Ит жүрген және сурет ілінген үйге періштелер кірмейді" деген. Демек періште бар жерде қауіп-қатердің, қорқыныштың болмауы ақиқат.

Екінші себебі – мәйіт жатқан бөлмеде зікір, дұға оқылуы мүмкін. Ал шариғатта құлшылық кезінде алдында және жанында тұрған суретке қарамайды. Себебі оны суретке қарап ғибадат етуге теңестіреді.

Үшінші себебі: бүгінде адамдар айнаны үйге сән үшін де қояды. Ал мәйіт жатқан бөлмедегі айнаны жабудағы мақсат та – адам кіргенде ақыретті еске түсіріп, өлімнен ғибрат алатын мекенге айналдыру.

Төртінші себебі: әдетте адам баласы айнаға өзінің шырайын, бетіндегі дақты, бояу мен әжімді қарау үшін қолданады. Айнаға көзі түскен адамның ойы бірден соған ауысуы мүмкін. Сондықтан мұндай кезде айнаның ашық тұруы орынсыз болады деп есептеледі.

Қорыта келе дін өкілдері қайтыс болған адам жатқан бөлмедегі айнаның бетін жабу құптарлық іс әрі шариғатқа қайшы емес екенін жеткізді.

"Адам баласы айнаға әр қараған кезде осы айна арқылы көрген бұрынғы кейіптер жадына түсе бастайды. Ал қараңғы уақытта немесе кенет қараған кезде айнада көрген бейнеден адам шошып қалуы мүмкін. Әлбетте мұндай жағдайлардың адам психикасына кері әсер тигізетіні анық. Сондықтан қайтыс болған адам (мәйіт) жатқан бөлмедегі айнаның бетін жабу – құптарлық іс әрі шариғатқа қайшы емес", - делінген ҚМдБ бөліскен хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: