Алматыда қай мұзайдындарына тегін кіруге болады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 12 мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Қазір шаһарда сегіз мұз айдыны ашылды, тағы төртеуі қаңтар айында іске қосылады.
Ауа райының жылы болуына байланысты мұз айдындары мұздың дайын болғанына қарай ашылады. Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады. Жалға алу құны – 1000 (2 сағат) теңге. Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін.
"Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындары тәулік бойы ашық", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript