Емхана жанындағы науқастарды қолдау қызметіне қандай жағдайда жүгінуге болады
Сурет: Zakon.kz
Кейбір азаматтар емхана жанында науқастарды қолдау орталығының барынан көбіне хабарсыз болады. Ал білгендер оған қалай жүгіну керектігін білмейді. Бұл ретте Zakon.kz № 8 Алматы қалалық емханасының Науқастарды қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Жанатай Өмірбаевты сөзге тартты.
Жанатай Өмірбаев қандай жағдайда Науқастарды қолдау орталығына жүгінуге болатынын айтты. Оның айтуынша, емхананың пациенттерді қолдау қызметі медициналық көмек пен қызмет көрсетуге байланысты әртүрлі жағдайларда көмек көрсететін ресурс болып табылады.
Өмірбаев емхананың пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болатын мынандай бірнеше жағдайларды баса атап өтті:
- Дәрігер қабылдауына жазылу: Егер сізде қандай да бір дәрігер қабылдауына жазылу бойынша сұрақтар туындаса, яғни жазылу бойынша өзгеріс енгізу немесе оны жою, сондай-ақ белгілі бір медициналық қызметтердің қолжетімділігі бойынша сұрақтарыңыз болса;
- Медициналық қызметтер туралы ақпарат: Егер сізге нақты қандай да бір медициналық қызметтер, процедуралар, дәрі-дәрмектер, тексеру немесе емделуге байланысты басқа аспектідегі ақпарат қажет болса;
- Жанжалдар туындаған кезде: Медициналық қызметкерлерімен, басқа пациенттермен немесе емхана әкімшілігімен арада келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер немесе жанжалдар туындаған жағдайда пациенттерді қолдау қызметі дауларды шешуге және мәселенің оң шешімін табуға көмектеседі.
- Шағымдар мен ұсыныстарыңызды айтуға болады: Егер емхананың қызмет көрсету немесе жұмыс сапасын жақсартуға қатысты шағымдарыңызбен және ұсыныстарыңызбен бөліскіңіз келсе;
- Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз туралы ақпарат алу: Егер пациент ретіндегі құқықтарыңызды білмей жатсаңыз немесе емделу, емханаға бару кезінде өз міндеттеріңіз туралы білгіңіз келсе, онда пациенттерді қолдау қызметіне жүгініп, бұл мәселені шешуге болады.
Айта кетсек, жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған елорда тұрғыны 10 тәулікке қамалатын болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript