Қазақстанда бала күтіміне байланысты ақылы демалыс 1,5 жасқа дейін ұзартылды
Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жарым жылға дейін ұлғайтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел Әлеуметтік кодекс бойынша жұмыс аясында бала күтімі бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін 1,5 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс қарастырылып жатқанын айтқан болатын.
Бала күтімі бойынша жәрдемақыны бір жарым жылға дейін ұзарту ұсынылды
Статистикаға сәйкес, ай сайынғы күтім бойынша жәрдемақы:
бірінші балаға – 5,76 АЕК (2022 жылы 17 643 теңге);
екіншісіне – 6,81 АЕК (20 859);
үшіншіге – 7,85 АЕК (24 044);
төртінші және одан кейінгілер үшін – 8,9 АЕК (27 261).
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript