Тоқаев: Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ
Сурет: pixabay
19 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде қазақ тілі мәселеміне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің пікірінше, бүгінде қазақша сөйлейтін жастар көбейіп келе жатыр. Жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгерді.
Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге және басқа да өнімдерге деген сұраныс жоғары. Мұның бәрі қазақ тілінің қолдану аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ деп қадап айтты. Осындай теріс түсініктер кейбір елдерді қасіретке ұшыратты. Мемлекет қазақ тілін қолдау үшін тиісті шаралар қолданып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз, деп ойын жеткізді президент.
Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек. Бұл – өте дұрыс. Бірақ, өзге тілден бас тартуға болмайды. «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деген сөз бар. Біз тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Президент
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript