"Социс-А" институтының еxit poll нәтижесі: Тоқаев 82,02% дауыс жинады

"Социс-А" институтының еxit poll нәтижесі: Тоқаев 82,02% дауыс жинады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 00:39 Сурет: akorda.kz
Телемарафонда "Социс-А" институты жүргізген exit-poll қорытындысы жарияланды. Жарияланған мәліметке сәйкес, президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Социс-А" институтының еxit poll нәтижесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 82,02% дауыс жинады.

"Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" ұсынған кандидат Қарақат Әбден 2,84% жинады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған кандидат Нұрлан Әуесбаев 2,38% дауыс жинады.

"Ауыл" партиясынан түскен кандидат Жигули Дайрабаев – 3,68%.

"Аманат" кәсіподақтар бірлестігінен ұсынылған Мейрам Қажыкен – 2,62% дауысқа ие болды.

"Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған кандидат Салтанат Тұрсынбекова 2,24% дауыс жинады.

"Барлығына қарсымын" деген бағанды ​​сайлаушылардың 4,22 пайызы таңдаған.

Президент сайлауында  Amanat партиясының "Қоғамдық саясат институты", "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты және "Ашық қоғам" аймақтық зерттеулер халықаралық институты exit poll жүргізген еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: