Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады

Қазақстан, Түрікменстан, әуе қатынасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 10:55 Сурет: Zakon.kz
Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, "Түрікменстан" әуекомпаниясы 2023 жылғы 26 наурыздан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

"Рейстер Алматы – Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері "Боинг-737" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады".Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Комитет өкілдері екі ел арасындағы әуе қатынасын жаңарту сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: