Қазақстанның 20 миллионшы тұрғындарына ерекше туу туралы куәлік беріледі

Туу туралы куәлік, 20 миллионшы азамат, Қазақстан, Бағдат Мусин, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 19:05 Сурет: Instagram/bagdatmussin
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздің 20 миллионшы тұрғындарына ерекше туу туралы куәлік берілетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Цифрлық даму министрі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"20 миллион! Қазақстан халқының саны ресми түрде 20 миллионға жетті.Ұлытау, Атырау, Ақмола, Түркістан мен Жетісу облыстарында еліміздің 20 миллионыншы тұрғындары дүниеге келді. Бес балаға еліміздің 20 миллионыншы азаматы екенін айғақтайтын арнайы туу туралы куәліктері дайындалды", деп жазды Бағдат Мусин 16 қарашада желіде.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда проактивті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ана өмірін қаншалықты жеңілдеткенін айрықша атап өтті. 

"Осыдан 16 жыл бұрын үлкен қызымыздың туу туралы куәлігін қалай алғанымызды, ол үшін көптеген құжат жинап, кезекте тұрғанымыз есіме түсті. Ал өткен жылы кенже баламыз дүниеге келгенде, жұбайым туу туралы куәлікті eGov mobile қосымшасын пайдала отырып, бір хабарлама жіберу арқылы алған еді. Бұл процесс сөзсіз, ата-аналардың уақытын айтартықтай үнемдейтінін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға септігін тигізетінін атап өткен жөн", - дейді Бағдат Мусин

Оның айтуынша, ЦДИАӨМ туу туралы куәлікті алу қызметін 4-30 күннен 5 минутқа дейін қысқартып, оны онлайн форматқа ауыстырды.

"Қазір перзентханада нәрестесін дүниеге әкелген жас анаға мобильді қосымша арқылы баланың тууымен құттықтаған хабарлама келіп түседі, онда баланың аты-жөнін жазады, содан кейін туу туралы цифрлық куәлікті, бұған қоса, банктің көрсетілген картасына бала туу және нәресте күтіміне берілетін жәрдемақыны алады". Бағдат Мусин

Қазақстанда жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді, олардың 68% - інің құжаттары проактивті/онлайн форматта рәсімделеді. Бүгінгі күнге дейін көптеген қазақстандықтың арасында осы функция жоғары бағаланып келеді.

"Айтпақшы, еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны 14 қарашада сағат 08:10-да дүниеге келген екен. Жас аналардың бірі Диана Әзімбаева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Жетісу облысы бойынша филиалының қызметкері екенін айрықша атап өткім келеді. Ол Талдықорған қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 2021 жылдың 1 қазанынан бастап жетекші сарапшы болып жұмыс істейді. Диана дүниеге ұл әкелді, ол – отбасындағы төртінші бала. Бұл отбасында екі ұл мен қыз өсіп келеді. Осы орайда, әріптесімізді және барша бақытты аналарды құттықтаймын", делінген министр жазбасында.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың саны 20 миллионға жеткенін хабарлап, ақжолтай жаңалықпен желіде бөлісті


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: