Қазақстанда қатты жел соғып, қар жауады
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Zakon.kz сайтына 2023 жылдың 26 желтоқсанына арналған күн райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың айтуынша, республика бойынша циклонның ықпалы сақталады.
"Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман, бұрқасын болады және желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге дейін күшейеді, 26 желтоқсанда солтүстік өңірлерде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Мамандар ауа температурасында күрт өзгеріс болмайтынын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript